Юго-Западный научно-исследовательский институт животноводства и растениеводства

Юго-Западный научно-исследовательский институт животноводства и растениеводства

Menu
  • Главная
  • Новости
  • Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы түсіндірілді

Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы түсіндірілді

Шымкентте Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы кеңінен түсіндірілуде. 13.04.2022 ж. осы бағыттағы кезекті кездесу «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» қызметкерлерімен өтті.
Іс-шараға қатысқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілі Ж.Әлжанова Тұжырымдаманың негізгі бағыттарын таныстыра отырып, онда зардаптармен күрестен сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жүйелі түрде жоюға, жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге, қоғамдық сананы түбегейлі өзгертуге бағытталғандығын атап өтті.
Сонымен қатар, жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөнінде қабылданған маңызды заңнамалық шаралардан, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Департаментпен атқарылған жұмыстардан хабардар етті.
Кездесу соңында сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған кез келген азамат Департаментке немесе 1424 нөмірі бойынша CaII-орталыққа хабарласу қажеттігі хабарланды. Сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша хабарламалары үшін азаматтарды көтермелеуге қатысты толыққанды ақпарат ұсынылды.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on vk
VK